Семейде металл өңдейтін цех өртенді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында металл өңдейтін цех өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 тамыз күні сағат 07:37 шамасында шаһардағы ЖШС-лардың бірінде өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Белгілі болғандай, металл өңдейтін цехты жалын шарпыды.

«Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде киім ауыстыратын бөлмедегі ағаш шкафтар жанып жатты. Сондай-ақ цехтың ішін түтін тұмшалап алған. Өрт сөндірушілер көп ұзамай 30 шаршы метрге жайылған тілсіз жауды толықтай ауыздықтады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрттің шығу себебі – электр жабдықтарының апаттық режимінен немесе өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар