Семейде мешіттен өрт шықты

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде найзағай түскен мешіт өртенді. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт кеше сағат 18:13 минутта Волгоградская көшесіндегі Төлеубек қажы мешітінде тіркелді. Имамдар бөлмесінен шыққан өрттен бөлмедегі жиһаз, жеке заттар мен тұрмыстық техника жанды. Өрттің аумағы 10 шаршы метр. Тілсіз жау сағат 19:07-де толық ауыздықталды.

«Тексеру кезінде тілсіз жаудың шығуына қатысты 2 болжам қарастырылып отыр. Өрт найзағайдың кесірінен немесе электр құрылғыларының авариялық жағдайда жұмыс істеуінен болуы ықтимал. Қазір нақты себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар