+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Семейде мемқызметкер карантин талаптарын бұзған дүкен иелерінен пара алған

2020 жылғы 23 қазан 20:15
Бөлісіңіз:
Семейде мемқызметкер карантин талаптарын бұзған дүкен иелерінен пара алған

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында карантин талаптарын сақтамаған дүкен иелерінен пара алған мемлекеттік қызметкер сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлық: Шымкентте мемлекетке 1 млрд 607 млн теңге өндірілген Бұрынғы Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев төрт жылға сотталды Кәсіпкер жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен 42 млн теңге демеуқаржыға қол жеткізді - СҚО

Қалалық №2 сотта тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды. Анықталғандай, ол өзінің қызметтік лауазымын пайдалана отырып 2020 жылдың 13 және 19 мамыр күндері дүкендерге өз бетімен тексеру жүргізген.

«Кәсіп иелеріне санитарлық нормалардың бұзылғанын айтқан мемлекеттік қызметкер әкімшілік хаттама толтырмау үшін Б. есімді азаматтан 12000 теңге, Х-дан 10000 теңге және И-дан 10 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алды. Барлық айғақтарды зерттеген сот күдіктінің күнәсі дәлелденді деп шешті», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу барысында Семей қаласының прокуроры мен айыпталушы арасында кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасалған. Сот үкімімен 320 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынған сотталушы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT