+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Семейде мектеп оқушысы кәсіпкер атанды

2019 жылғы 6 ақпан 10:52
Бөлісіңіз:
Семейде мектеп оқушысы кәсіпкер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде мектеп оқушысы жиһаз жасайтын кәсіпорын ашты. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Семей қаласының оқушылары арасында кәсіпкерлікті насихаттау үшін жыл сайын «Startup Battle» атты конкурс өткізеді. №30 жалпы білім беретін орта мектептің он бірінші сыныбында оқып жүрген семейлік Надир Сабитов конкурстың грантын жеңіп алып, қаңқасыз жиһаз жасаудан өз бизнесін ашты.

«Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бизнес-инкубаторына қарасты «Fox» орталығының тренингтеріне қатысу кезінде маркетинг, сату және дизайн туралы алған білім маған Семей нарығына кіруге көмектесті. Қазіргі таңда біз ресурстарды өзімізге тартып, кәсіпорынды дамыту үшін инвестициялық модель жасау үстіндеміз», - деді Н. Сабитов.

Оның цехы шығаратын пуф-қаптарға деген сұраныс жоғары. Қазір жас кәсіпкердің қарамағында үш адам бар: екі тігінші және көмекші. Надирдің айтуынша, көп ұзамай Өскемен мен Павлодар тұрғындары оның өнімдерін сатып ала алады. Содан кейін жас кәсіпкер Қазақстан нарығын бағындырып, ТМД елдеріне шығуды жоспарлап отыр.

Әлеуметтік желілерден алынған фото

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT