Семейде мектеп асханалары жұмыс істемейді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаланың Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Қала әкімі онлайн брифингіде мектептердің оқу жылына дайындығы туралы айтып берді.

Қалада 66 мектеп бар, оның 15 ауылдық жерде орналасқан. Жаңа оқу жылының алғашқы тоқсаны, 54 мектепте, қашықтан оқу форматында өтеді. Дәстүрлі оқыту форматы ауылды жердегі шағын мектептер мен санитарлық нормасы қатаң сақталған бастауыш сыныптардағы кезекші топтарда жүреді. Онда әлеуметтік ара қашықтық сақталады, бала саны 15-тен аспайды. «Бір мұғалім – бір сынып» қағидаты еңгізілетді. Демек, бір мұғалім негізгі пәндерді оқытып, қалған сабақ қашықтан беріледі. Мектеп асханасы жұмыс істемейді. Осы, және, өзге де талаптар, балалар денсаулығын сақтап, инфекция таралуына жол бермеу мақсатында енгізіліп отыр.

«Жалпы, қаламызда оқу жылын ұйымдастыру үшін кешенді жұмыстар жасалуда. Қалыптасқан жағдайға байланысты, орын алған, уақытша қиындықтар бар. Оны барлығы түсініп, біліп отыр. Дегенмен, бала тәрбиесі мен білімі біздің ерекше назарымызда болады. Мектеп – ата-ана – оқушы үштігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде, жоспарымыз толық орындалып, мақсатына жетеді деп сенемін», - дейді қала әкімі.

Қосымша білім беру ұйымдарының жұмысына келетін болсақ, олардың барлығы сабақтарды негізінен қашық режимінде өткізеді. Бірақ, ата-аналардың қалауынша, балалар 5 адамға дейін шағын топтарда немесе жеке-жеке оқи алады.

Сонымен қатар, балалар «Мектеп» онлайн платформасы, «Балапан» және «Elarna» телебағдарламалары бойынша да оқитын болады.

«Оқу барысында аз қамтылған отбасылардың балалары қажетті компьютер және bнтернетпен қамтамасыз етіледі. Интернет провайдердің техникалық мүмкіндігіне байланысты қала тұрғындарының интернет жылдамдығы орта есеппен 4-тен 80 Мбит / с-қа дейін болып тұр. Әлсіз интернет Ұшақтар кенті, Восход, Ақсай ауылдарының кейбір жерлерінде және Қарағайлы шағын ауданында байқалады. Қазіргі уақытта провайдерлермен интернетке қосылу сигналын күшейту жөнінде келіссөз жүргізіліп жатыр», деді Ермак Сәлімов.

Оның айтуынша, мектеп кітапханалары оқулықпен толық қамтамасыз етілген. 10-20 тамыз аралығында мектептер оқушыларға оқулық тарата бастайды. Биылғы алғашқы қоңырау да қашықтан өткізіледі. «Үйде қалай оқу керек» және «Гигиена негіздері» тақырыптары бойынша бірыңғай сынып сағаттарын өткізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін ешқандай мерекелік шаралар өткізілмейді.

Қала басшысы атап өткендей, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, қаражаттан әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан 8 064 балаға мектеп формасы мен аяқ киім сатып алынады. Бірінші сыныпқа осы жылы 5 115 бала барады.


Соңғы жаңалықтар