Семейде медицина қызметкерлері Балалар үйі түлегінің баспана алуына көмектесті
2021 жылғы 11 қаңтар 17:34

Семейде медицина қызметкерлері Балалар үйі түлегінің баспана алуына көмектесті

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері (ЖМЖС) Балалар үйінің түлегіне баспана алуға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Он сегіз жастағы семейлік Борис Гусев үшін Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері жаңажылдық сыйлық жасады. Олар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету мақсатында жасалған меморандум шеңберінде 2013 жылдан бастап Бористың атына ашылған арнайы банктік шотқа ақша салып отырған.

Осылайша, 2020 жылдың желтоқсан айында Балалар үйінің түлегі кәмелеттік жасқа толып, жинақталған қаражаттың арқасында өз үйіне қол жеткізді.

«Біз Бориске көмектесіп, оны қолдап, оның баспаналы болуына өз үлесімізді қосқанымызға шын қуаныштымыз. Жаңа қонысымен құттықтай отырып оған денсаулық, бақыт және бұл дүниедегі барлық жақсылықты тілейміз», – деді Семей қаласының ЖМЖС ұжымы.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT