Семейде мәскеулік режиссер румындық жазушының спектаклін қоймақ

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейдегі Ф. Достоевский атындағы театр кезекті қойылымға дайындалуда. Бұл жолы көрерменге румындық жазушы Михаил Себастьянның «Безымянная звезда» спектаклі ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Театрдың әртістері спектакльді қою үшін дайындықты бастап кетті. Белгілі пьесаны мәскеулік «Современник» театрының режиссері Олег Плаксин қояды. Ол көрерменге осы спектакльді ұсыну үшін арнайы Семейге келген.

Айта кету керек, жергілікті көрерменге мәскеулік режиссер семейлік театр сахнасында қойылған бірқатар қойылымдарымен танымал.

Олег Плаксинның сөзінше, аталмыш спектакль махаббат, шығармашылық және жалғыздық жайлы. «Әрбір көрермен өзіне таныс жайтты көре алады. Бастысы - ол махаббат, таңдау, күнделікті қалыптасқан жайттан шығуға деген құштарлық. Біздің спектакль фильмнен өзгешеленеді. Біз бұл жағдайға басқа тұрғыда қараймыз», - дейді режиссер.

Атап өтетін жайт, кеңестік көрермен Анастасия Вертинская мен Игорь Костолевский басты кейіпкерлерді сомдаған, пьеса желісі бойынша түсірілген филімді жақсы біледі. Егер фильмде 30-шы жылдардағы Румыниядағы трагедиялық оқиғалар көрініс тапса, режиссер Олег Плаксиннің қойылымында адамның ішкі алаңдаушылығына мән берілген.

Спектакль Ф. Достоевский атындағы драма театры сахнасында 29-30 қыркүйек күні қойылады.

Соңғы жаңалықтар