Семейде мамандандырылған ХҚКО ашылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Енді көлік жүргізушілері автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін алуға қатысты барлық мемлекеттік қызметтерді осы орталықтан ала алады. Мұнда азаматтар екі сағаттың ішінде қажетті құжаттарын рәсімдеп, жұмыстарын бітіре алады. Электронды бақылау жүйесі қосылған ХҚКО толық автоматтандырылған. Сонымен қатар мұнда жүргізуші куәлігін алу үшін арнайы медициналық тексеруден өтуге және куәлік сынақты осы жерден тапсыруға болады.

Мұндай мамандандырылған орталық Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет Семейде ашылып отыр. Осындай екінші орталықты болашақта Өскемен қаласында іске қосу жоспарланған.

«Орталық ҚР Ішкі істер Министрлігінің 2015 жылы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығына сәйкес ашылып отыр. Орталық қызмет түрлерін жылдам рәсімдеп алуға мүмкіндік береді. Яғни, бір терезе қағидасы бойынша жүргізушілер барлық жұмысын осы орталықтан бітіре алады. Мұндай орталықтар Қазақстанның басқа қалаларында бұрыннан жұмыс істейді. Бұл өте қолайлы. Себебі, уақыт үнемделеді»,-дейді мамандандырылған ХҚКО құжаттарды қабылдау бойынша маманы Олеся Абраменко.

Соңғы жаңалықтар