Семейде құтқарушылар пәтерде қамалып қалған балаға көмекке келді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында құтқарушылар пәтерде қамалып қалған балаға көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Сорокин көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінде қаршадай бала іштей құлыптаулы қалған.

«Жедел құтқару жасағының қызметкерлері пәтерге баспалдақпен 2-ші қабаттың терезесі арқылы кіріп, есікті ішінен ашты. Баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Мұндай оқиғалардың жиілеуіне ата-аналардың бүлдіршіндерді қараусыз қалдыратындығы себеп болады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД құтқарушылары өңір жұртшылығына барынша абай болуды және балаларын үйде жалғыз қалдырмауды ескертті. Қандай да бір қиындыққа тап болған жағдайда дереу «112» нөміріне хабарласу қажет.


Соңғы жаңалықтар