Семейде құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен сиырды шығарып алды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде қалалық №2 құтқару жасағына қала тұрғыны қоңырау шалып кәріз құдығына түсіп кеткен сиырын шығарып беруге көмек сұраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТЖБ-ға сілтеме жасап.

Оқиға қала шетіндегі Восход кентінде болған. Сиырдың кәріз құдығына қалай түсіп кеткені белгісіз. Тұрғындар үй жануарын өздері шығара алмаған соң құтқарушыларды көмекке шақырған. Оқиға орнына №2 жасақтың 3 құтқарушысы келіп жеткен. Олар манипулятор арнайы техниканын көмегімен 30 минутта сиырды құдықтан аман алып шықты.

«Біз сиырды арқан жіппен байлап, соның көмегімен сыртқа тартып алып шықтық. Оқыс оқиғадан сиырға ешқандай зардап келген жоқ», - деді құтқарушылар.

Малдың иесінің айтуынша сиыр ауласында жайылып тұрған. Ол жабық тұрған құдықтың үстімен жүрген, ал кәріз қақпағы сиырдың салмағын көтермеген. 

Соңғы жаңалықтар