Семейде құтқарушылар 92 жастағы кейуанаға көмектесті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының құтқарушылары 92 жастағы кейуанаға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «112» нөміріне Өтепбаев көшесінде тұратын қарт кісінің үйінде құлап қалып, әлеуметтік қызметкерге есікті аша алмай жатқандығы туралы хабар түскен.

Құтқарушылар лезде оқиға орнына келіп жетті. Арқанның және альпинистік жабдықтардың көмегімен 7 қабаттың балконынан төмендегі пәтердің балконына түсіп, есікті іштен ашты. Үйде 1929 жылғы зейнеткер болған.

«Семей қалалық ТЖБ қызметкерлері кейуананы көтеріп, диванға жатқызды. Одан кейін оған әлеуметтік қызметкер тиісті көмек көрсетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар