+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Семейде Құнанбай Өскенбайұлына арналған көрме ашылды

2020 жылғы 26 ақпан 16:07
Бөлісіңіз:
Семейде Құнанбай Өскенбайұлына арналған көрме ашылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Көрегенді көсем, парасатты шешен, ел қамқоры – Құнанбай» атты көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирусқа байланысты Абайды ұлықтау шаралары басқа форматта өтеді - министр Өскеменде Абай мерейтойына орай «Көзімнің қарасы» атты көрме ашылды Шығыс Қазақстанда жел электр стансасына Абайдың аты берілмек

Көрменің ұйымдастырылуындағы негізгі мақсат – дүйім жұртқа Абайдың әкесі Құнанбай қажының өмірі жайлы тереңірек таныстыру.

Құнанбай Өскенбайұлы би, аға-сұлтан және көрнекті қоғам қайраткері болған. Оның әкесі Өскенбай Ырғызбайұлы тобықты руын билеген беделді кісі еді. Құнанбай әуел баста аядай ауылдағы елді басқарып, кейіннен дәрежесі артып, аға-сұлтан атанған. Бүгінгі көрмеге қойылған тарихи жәдігерлер оның өмір жолы туралы сыр шертеді. Музейге келушілер назарына қажының жеке заттары, күміс белбеуі мен тақиясы қойылған. Экспонаттардың жалпы саны – 70-ке жуық.

«Абайдың 175 жылдығына орай ақынның әкесі Құнанбай Өскенбайұлына арналған көрме аштық. Мұнда сол кезеңнің тыныс-тіршілігін бейнелейтін көптеген экспонаттар ұсынылған. Бұдан бөлек, қажы жайлы жазылған кітаптар мен мұрағаттық басылымдардағы түрлі мақалалар қойылды. Бұл көрме халыққа хәкімнің әкесі туралы көп мағлұмат алуға мүмкіндік береді», - дейді музейдің жетекші ғылыми қызметкері Нұрсұлу Санақбекқызы.

Көрменің салтанатты ашылуы барысында академик Ерлан Сыдықовтың «Құнанбай» атты кітабының тұсаукесері өтті.

«Бүгінде шаһардың барлық оқу орындарында Құнанбайдың өмірі туралы баяндайтын бұл кітаптың таныстырылымы өтіп жатыр. Өскелең ұрпақ үшін сол кезеңнің тарихымен танысу өте пайдалы болмақ», - дейді Абай атындағы музей директорының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Тұрдыкүл Қасенұлы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT