Семейде көшелердің жарықтандыру жүйесі жаңғыртылады

Фото: None
ӨСКЕМЕН.ҚазАқпарат - Семейде көше жарықтарын жаңарту жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне.

Семейдің жарықтандыру жүйесі аянышты халде. Тіпті қаланың орталық көшелері де кешкі уақыттарда қараңғы болып тұрады. Көшелерді жарықтандыруды жаңарту жобасы тұрғындардың әлдеқашан мерзімі жеткен мәселесін шешу мақсатында ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен қолға алынды. Оны Еуропаның қайта құру және даму банкінің есебінен үш жыл ішінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыруға, дайындық жұмыстарына шамамен бір жарым жыл кетеді. Сарапшылар қаланың жарықтандыру жүйесі жағдайын әбден зерттеді. Бастапқыда Семейдің 136 көшесін электрмен жабдықтау жайлы сөз болды. Алайда бұл көрсеткіш 159 көшеге арттырылды.

Соңғы жаңалықтар