Семейде көшедегі күшікті үш рет басып өлтірген көлік жүргізушісі іздестірілуде

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - «Мерседес» көлігінің жүргізушісі күшікті қағып кетіп, тірі жатқан үй хайуанатын шегініп келіп тағы екі мәрте басып өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 2 қаңтар күні Семей қаласында болған. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желілерге жазады.

«Ол адам қорғансыз күшікті қағып өтті. Оқиға менің көз алдымда болды. Жүргізуші күшікті қағып кетіп ары қарай өз жөнімен кетіп қалған жоқ. Артқа шегініп келіп тірі жатқан күшікті саналы түрде басты, қайтадан алға жүрген кезде үшінші мәрте мыжып өтті. Егер артқа шегінбегенде кішкентай тіршілік иесі аман қалар еді»,-деп жазады new_semey. instagram-паблигінің қолданушысы.

«Аталған факт ҚР сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай реестріне тіркеледі. Полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізеді. Егер факті дәлелденсе, кінәлі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады»,-деді Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Соңғы жаңалықтар