Семейде коронавирус жұқтырған науқастардың ішінде 4 бала бар

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Соңғы мәліметтерге сүйенсек, елімізде жұқпалы індетке шалдыққандар саны 4834-ке жетті. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында жаңа 10 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семейде COVID-19 вирусын жұқтырған 10 науқастың ішінде 2019, 2014, 2011, 2010 жылы туған төрт бала, 2003 жылғы студент және 1939 жылғы зейнеткер бар. Сондай-ақ 1977 жылғы әйел және 1974, 1978 жылғы ер адамдар қауіпті дертке шалдыққан.

«Он оқиғаның тоғызы бұған дейін ауруханаға түскен 1963 жылғы азаматпен үй ошағы бойынша жақын байланыста болған науқастар тобына жатады. Ал 1995 жылғы жігітте дерт скринингтік тексеру барысында анықталды. Қазірде Шығыс Қазақстан облысының аумағында коронавирус инфекциясының 43 жағдайы тіркелген» делінген мәліметте.

Осы ретте облыс әкімдігі тұрғындарға үйде дезинфекция режимін сақтап, үнемі желдетіп отыру қажеттігін еске салады. ЖРВИ белгілері бар адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу керек.


Соңғы жаңалықтар