Семейде коронавирус жұқтырған науқастардың бірі - 3 жасар бала

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат – Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде жұқпалы індетке шалдыққандар саны 3205-ке жетті. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында жаңадан 3 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семей қаласында COVID-19 вирусын жұқтырған 3 адам 28 сәуір күні қауіпті дертке шалдыққан 1952 жылғы әйелмен үй ошағында жақын байланыста болған.

«Оның ішінде 2017 жылы туған бала бар. Қалған екі науқас - 1988 жылғы әйел және 1989 жылғы ер адам. Қазіргі уақытта олар инфекциялық стационарға оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Жағдайлары орташа. Науқастар облыстан тыс жерлерге, басқа елдерге шықпаған. Қазірде байланыста болған азаматтарды анықтау және оқшаулау бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде», - деп хабарлады әкімдіктен. ⠀

Айта кетейік, жалпы ШҚО бойынша коронавирус жұқтырудың 20 фактісі тіркелген.


Соңғы жаңалықтар