Семейде көпқабатты үйге лифт орнатамын деп көршілерінен 1 млн теңге жинаған алаяқ ұсталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көпқабатты үйге лифт орнатамын деп көршілерінен 1 млн теңге жинап алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 29 жастағы әйел адам көршілеріне үйге лифт орнатып бере алатындығын айтып, ақша жинастырған. Бұған сенген тұрғындар оған сұраған сомасын жинап берді. Алайда әйел сөзінде тұрмаған. Сөйтіп, көршілері Семей қалалық ПБ Әуезов полиция бөліміне келіп, арыз түсірді.

«Тергеу барысында алаяқтың лифт орнату сылтауымен ірі қаражатты иеленгені анықталды. Осы күнге дейін уәде етілген лифт орнатылмаған. Келтірілген жалпы шығын мөлшері – 1 000 000 теңгеден асады. Жауап алу кезінде әйел адам заңсыз жолмен тапқан ақшаны өз керегіне жұмсап қойғанын жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігіне сәйкес (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар