Семейде көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі Бөгембайұлы көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйден өрт шықты.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Пәтердің кіреберісінде дәліз және жиһаз жанып жатқан. Газ-түтіннен қорғау қызметі көк түтінге оранған подъезден 4 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Құтқарушылар азаматтарды жылы «Вахта» автокөлігіне орналастырды», - делінген ақпаратта.

Көп ұзамай қызыл жалын сөндірілді. Тілсіз жауды өшіруге жеке құрамнан 21 адам және 6 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.


Соңғы жаңалықтар