+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Семейде көпқабатты үйден өрт шығып, 29 адам эвакуацияланды

2021 жылғы 30 сәуір 16:11
Бөлісіңіз:
Семейде көпқабатты үйден өрт шығып, 29 адам эвакуацияланды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, 29 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 16 тамызға дейін ұзартылды Түркияның алты провинциясында орман өртеніп жатыр Анталияда іссапармен жүрген қазақстандық медицина мамандары өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетті

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 30 сәуір күні сағат 13.34-те Физкультурная көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Анықталғандай, от пәтерлердің біріндегі балконда шыққан.

«Оқиға орнына құтқарушылар жеткен кезде тілсіз жау 7-ден 8-ші қабаттың балконына тарай бастады. Өрт сөндіру барысында 29 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Сағат 14.12-де қызыл жалын толықтай ауыздықталған», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, өртпен күреске 7 техника мен жеке құрамнан 26 адам жұмылдырылған. Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығуына – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде отты абайсыз пайдалану немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болуы ықтимал.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT