Семейде көпірден секірген əйелді құтқарған полицей марапатталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде көпірден секірген әйелді құтқарған полицей марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен полиция кіші лейтенанты Аслан Бегадилов және полиция сержанты Тимур Жұманбеков марапатталды.

Медальды ШҚО полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев табыс етті.

«Адамды құтқару кезінде өз қызметтерін адал атқарып, батылдық танытқан тәртіп сақшыларына ризашылығынымды білдіремін. Барлық полиция қызметкерлерін болашақта өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқаруға шақырамын»,-деді Жанарбек Бақтыбаев.
nullnull

Еске сала кетейік 27 сәуір күні қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында «Барыс 11» экипажының құрамында кезекшілікте жүрген ППБ қызмет инспекторы полиция лейтенанты Аслан Бегадилов көпірден секірген əйелді құтқарып қалған болатын.

Аслан Ертіске құлаған əйел адамды өзеннің қатты ағысына қарамастан өз өмірін қауіпке тігіп көмекке жүгірген.

Соңғы жаңалықтар