Семейде көпірден секірген әйелді құтқарған полицейлер марапатталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде Ертіс өзеніне секіріп кеткен әйелді құтқарған тәртіп сақшылары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, 27 сәуір күні ескі көпірден 60 жастағы қартаң әйел адам секіріп кеткен болатын. Полицияға хабар түскен уақытта көпірге жақын маңда жүрген «Барыс-11» автопатрулі оқиға орнына дереу жеткен. Полиция кіші лейтенанты Аслан Бегадилов жағалауға жете бере сақтандыру арқанын киіп, суға секірді. Жедел шаралар нәтижесінде Ерасыл Бақытбеков, Серік Шәкенов әйелді жағаға алып шыққан.

60 жастағы әйелді құтқарып қалған тәртіп сақшыларының еңбегін полиция департаменті елеусіз қалдырмады.

ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Анатолий Мырзаханов жол қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті күзетуге тартылған жеке құрам алдында патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Аслан Бегадилов, Ерасыл Бақытбеков және Серік Шәкеновті полиция департаментінің грамотасымен марапаттады.null

«Батыл да, батыр азаматтарды өмірге әкеліп, тәрбиелегені үшін полиция қызметкерлерінің ата-анасына шексіз ризашылығымды білдіремін»,-деді қалалық полиция басқармасының бастығы Дулат Қазақпаев.

Соңғы жаңалықтар