Семейде көпірден секірген 60 жастағы әйел құтқарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ШҚО-да тәртіп сақшысы 60 жастағы әйел адамды Ертістен алып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс.

Оқиға Семей қаласында болды. Көпірден суға секірген қала тұрғыны өз-өзіне қол салмақ болған деген болжам бар.

Әйел адамның Ертістегі ескі автомобиль көпірінен секіріп кеткені туралы хабар полицияға түсе салысымен патрульдік полицейлерге бірден ақпарат таратылады. Көпірге жақын маңда кіші лейтенант Аслан Бегәділов болған. Ол жағалауға жете бере, суға секіріп, әйелді жағаға алып шығады.

60 жастағы қала тұрғыны қазір ауруханада жатыр.

Соңғы жаңалықтар