Семейде көпбалалы отбасылар үшін 10 үй салынып жатыр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы Комсомол кентінде көпбалалы отбасыларға арналған 10 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылысты өз есебінен «Зеленстрой», «Семей құрылыс материалдары», «Арт Строй Групп» және «Санжар» компаниялары жүргізуде.

Кейін бұл үйлерді әкімдік сатып алып, кезекке сәйкес көпбалалы отбасыларға үлестіреді.

«Бүгінде мұнда үйлер салу, электр қуатымен және су құбырымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы осында тағы 120-дан астам үй салу жоспарланып отыр. Бұл үйлер көпбалалы отбасыларға беріледі», - дейді қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ардақ Исатаев.

Көпбалалы жанұялар бұл үйлерді кезек тәртібімен алады. Пәтерді бөлумен комиссия айналысатын болады. Бүгінде шаһар бойынша пәтер кезегінде 575 адам тұр.


Соңғы жаңалықтар