Семейде көпбалалы аналарға жаңа пәтердің кілті табысталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семейдегі Қарағайлы шағын ауданында болып, бес көп балалы анаға жаңа тұрғын үйдің кілтін табыс етті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Пәтерлерді аралаған өңір басшысы тұрғын үйлердің сапасына риза болды. Д.Ахметов көпбалалы аналарды жаңа қоныстарымен құттықтап, барлығына денсаулық пен бақыт тіледі.

"Бүгін біз Елбасының тапсырмасы бойынша алғашқы қадамдар жасадық. Биыл көпбалалы аналарға 200-ден астам пәтер беріледі. Осы жұмыстар Семей қаласында болып жатқанына қуаныштымын. Бұл шағын аудан мен үшін ерекше. Менің ойымша, Қарағайлы эталондық аудан болып, Семейдің алға қарай дамитын стандарттарын қалыптастырады", - деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде көпбалалы аналар әкімге алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Құрылыс салушылармен әңгімелесу барысында Даниал Ахметов шағын ауданның архитектуралық келбетін әрлендіруді тапсырды. Жалпы, аймақ басшысы Қарағайлы ауданында салынып жатқан тұрғынүйдің сапасын жоғары бағалады.
null null null null null null

Соңғы жаңалықтар