Семейде қонақ үйде психотроптық заттар сақтаған Қостанай тұрғыны ұсталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында қонақ үйде психотроптық заттар сақтаған Қостанай облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасының тәртіп сақшылары есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл шаралары барысында кезекті операция өткізді. Полицейлер шаһардағы қонақ үйлердің бірінде психотроптық заттарды заңсыз сақтаған Қостанай облысының 22 жастағы тұрғынын ұстады.

Қонақ үй нөмірін тінту кезінде сөмкеден ерекше иісі бар, ақ түсті, ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет және электронды таразы табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл пирролидиналерофенон, Альфа-PVP сынды психотроптық заттар болып шықты. Оның жалпы салмағы – 155,205 грамм»,-деді басқарма бастығы Шалқар Құнанбаев.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Соңғы жаңалықтар