Семейде коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейлік құтқарушылар екі ауысымда жұмыс істеуге көшті. Себебі, синоптиктер 16-17 наурызда Шығыс Қазақстан облысында су көлемі артатынын мәлімдеді. Осыған байланысты қазір қалада қауырт жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семей қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Алёновтың айтуынша, қазір барлық арық жүйелері мен суағарлар көктемге дайын. Берілген жұмыстарды қаланы көгалдандыру, абаттандырумен айналысатын «Семей» кәсіпорыны іске асырған. Жалпы биыл қаланың арық жүйесін тазартуға бюджеттен 27 млн теңге бөлінген.

«Алдын-алу жұмыстарының арқасында Красный кордон, Дальний, Мирный кенттері мен Шығыс саяжайы су басу қаупінен құтылды деуге болады. Арық жүйесіндегі шөп пен қамыстар шабылып, арналарды тазарту мен тереңдету, мұзды ою жұмыстары жүргізілді. Бұл еріген судың асып-тасуына жол бермейді»,-деді Марат Алёнов.

Қазір аталған кәсіпорын су тасқыны қаупіне байланысты 2 ауысымда жұмыс істеуде. Қауіпті аудандарда барлығы 5 бірлік техника мен 25-тен аса адам жұмыс істеп жатыр. Дегенмен барлығы қаланың коммуналдық қызметтеріне байланысты емес екенін де атап өтті М. Алёнов.

Себебі, арық жүйелерінің тұрмыстық қоқыс қалдықтарына толуына тұрғындардың да ықпалы бар көрінеді.

«Сонымен қатар жағдайды пайдалана отырып, арық жүйесі өтіп жатқан аудандарда тұратын тұрғындарға қоқыс пен күлді арыққа тастамауды сұраймын. Бұл әрекеттер арық жүйесінің толуы мен тасу қаупін әкеледі»,-дейд ол.

Қазіргі таңда қаланы су басу қаупі жоқ. Дегенмен синоптиктер таратқан ақпараттан кейін қаланың коммуналдық қызметтері әрекеттерін күшейтті.

Соңғы жаңалықтар