+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Семейде көмір қымбаттамайды

2020 жылғы 23 қыркүйек 07:47
Бөлісіңіз:
Семейде көмір қымбаттамайды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы «Қаражыра» АҚ жыл басынан бері 8 миллион тонна көмір өндірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Карантиндік шектеулерге байланысты шаһардағы бюджеттік ұйымдар мамыр-маусым айларында көмір сатып алу бойынша тендерлік рәсімдерді жүзеге асыра алмай, бұл жұмысты тек тамыздын ортасында ғана бастады. Енді жылыту маусымының басында халық көмірді белсенді сатып алады деп күтілуде. «Қаражыра» АҚ өкілдерінің айтуынша, олар мұндай режимге дайын, бірақ әлі де біраз қиындықтар бар.

«Біз осындай режимге дайынбыз, дегенмен «Қазтеміртранс» АҚ ұсынатын ұлттық тасымалдаушы вагондармен қамтамасыз ету формуласын түбегейлі өзгертуі керек. Өйткені қыркүйек айының басынан бастап «Қазақтеміртранс» АҚ жылжымалы құрамының жетіспеушілігі сезіліп келеді. Қыркүйектің үшінші онкүндігінің басынан бастап біз күніне 420 жартылай вагон керектігін жектіздік, бірақ 2 күн ішінде тек 183 және 290 жартылай вагондарды алдық. Осылайша, екі күн ішінде карьерге «Қазтеміртранс» АҚ бес вагоны берілмеген. Жылжымалы құрамды жеткізуге арналған өтінімдерді орындамау коммуналдық көмірмен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелердің бұзылуына әкеледі», - дейді «Қаражыра» АҚ бас директорының орынбасары Әсет Садықов.

Көмір кеніші жыл басынан бері 8 миллион тонна көмір өндірген. «Қаражыра» АҚ өкілдерінің мәліметінше, көмірдің бағасы биыл өзгеріссіз қалады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT