Семейде «Қолжетімді спорт» жобасы қолға алынды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында халықты спортқа баулу үшін «Қолжетімді спорт» жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, «Қолжетімді спорт» жобасының мақсаты – тұрғындарды спортпен айналысуға шақыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Ниет білдірушілер 5 спорт түрі бойынша тегін үйірмеге қатысып, жаттыға алады. Атап айтқанда, каратэ, скандинавиялық серуен, жеңіл атлетика, фитнес және үстел теннисі.

«Үйірмелерде жоғары білікті нұсқаушылар мен бапкерлер жұмыс істейді. Жоба 22 сәуірде басталды. Қазір қаладағы тиісті орындар белгіленген. Кейбір жас шектеулері бар. Мысалы, каратэ үйірмесіне 7 жастан, скандинавиялық серуенге, фитнеске және үстел теннисіне 18 жастан бастап жазылуға болады», - деді қалалық спорт бөлімінің бас маманы Бақытжан Егізбаев.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде волейболдан әйелдер арасында Азия чемпионаты өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар