Семейде көлікпен әйел мен екі баланы қағып кеткен жасөспірім ұсталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында әйел мен оның екі баласын қағып кеткен 16 жастағы жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 10 қараша күні сағат 18.00 шамасында болған.

«Морозов-Шевченко көшелерінің қиылысында әйел мен оның 2 және 3 жастағы балаларын қағып кеткен жүргізуші оқиға орнына із суытқан. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні тапты. Ол «ВАЗ 2113» көлігін тізгіндеген 16 жастағы жасөспірім болып шықты», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде әйел мен оның екі баласын қағып кеткен көлік жүргізушісінің іздестіріліп жатқандығын хабарлаған едік. https://kaz.inform.kz/news/semeyde-ayel-men-onyn-eki-balasyn-kagyp-ketken-kolik-zhurgizushisi-izdestirilude_a3860667

Талғатжан Мұхаметбекұлы


Соңғы жаңалықтар