Семейде көлікке қыстырылып қалған әйел құтқарылды
2022 жылғы 30 қаңтар 23:07

Семейде көлікке қыстырылып қалған әйел құтқарылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көлікке қыстырылып қалған әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 30 қаңтарда Семейдегі Селевин-Бозтаев көшелерінің қиылысында «Хюндай» және «Тайота Карина» автокөліктері соқтығысқан.

- Жол апаты салдарынан көліктердің бірінің ішінде әйел адам қыстырылып қалған. Окиға орнына келіп жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері гидравликалық құралдың көмегімен 50 жастағы жолаушыны алып шықты. Содан соң әйел жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар қандай да бір қиын жағдайға тап болған өңір жұртшылығына «112» нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT