Семейде көлік темір қоршауға соғылып, 1 адам мерт болды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көлік темір қоршауға соғылып, 1 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 қараша күні сағат 07:00 шамасында «ВАЗ 21114» автокөлігінің жүргізушісі Тәңірберген-Народная көшелеріндегі айналма жолдан аспалы көпірге қарай келе жатқан. Кенет рульге ие бола алмай қалып, темір қоршауға соғылады. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 41 жастағы жолаушы сол жерде мерт болған. Ал көлік жүргізуші бірден ізін суытқан.

«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам Бобровка қаласының маңында ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігімен және 347-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Соңғы жаңалықтар