Семейде көлігін жөндеп жатқан ер адам өртеніп кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семей қаласындағы Жангельдин көшесінде жеке кәсіпкер орналасқан екі қабатты бокста ГАЗ 3307 жүк көлігін жөндеп жатқан 1983 жылы туған ер адам қаза тапты. Ол көліктің қосалқы бөлшектерін дизельдік отында жуған сәтінде оларды дизельдік электржылулық зеңбіректің қасында жылытқан. Кенет отын жанып, тез арада оның үстіндегі киімдеріне тараған. Ер адам шалған күйіктердің салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.

Өрт бойынша екі нұсқа қарастырылуда: отты абайсыз қолдану немесе электр тоғы арқылы электр жылыту құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің күштері шақырылған жоқ, деп хабарлады ШҚО-ның ТЖД-інен.

Соңғы жаңалықтар