Семейде қолайсыз ауа райына байланысты мектептер мен колледждерде сабақ болмайды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде қолайсыз ауа райына байланысты мектептер мен колледждерде сабақ болмайды деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

«Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 18 қаңтарда Семейде желдің ұйытқуы – 18 м/с. Осыған байланысты 1-ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2-курс студенттеріне сабақ болмайды», - деп түсіндірді ШҚО ТЖД-да.

Бұдан бөлек «Қазавтожол» ЖШС ШҚО филиалының хабарлауынша 18 қаңтарда сағат 07:15-тен бастап ауа райының нашарлауына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен-Риддер-Ресей шекарасы) автожол учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Сондай-ақ ТЖ департаментінде сағат 09:00-ден бастап жол көрінісінің нашарлауынан барлық көлік түрлері үшін облыстық маңызы бар «Өскемен- Горная Ульбинка-Северное» трассасында жол жабық екенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар