Семейде көктайғақтан 83 жастағы қария құлап, көз жұмды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде кеше түннен бері жауған жаңбыр қала көшелерін көктайғаққа айналдырды. Салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше кештен бері қалада қатты жел соғып, қар аралас жаңбыр жауды. Салдарынан қала көшелері көктайғаққа айналды. Тіпті бүгін таңертен 83 жастағы қария құлап, мерт болды. 

Оқыс оқиға шамамен таңғы сағат 6-да үйінің ауласында болған. Далаға шыққан қарияның байқаусызда аяғы тайып құлаған.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жеткенше қария жан тәсілім етіпті.  Дәрігерлер қатты құлағандықтан бас сүйегіне қатты зақым келгенін айтты. 

Бүгін таңертеңнен бері дәрігерлер көмегіне аяқ-қолы сынған 10-ға жуық адам жүгенген.  Жедел медицинадық жәрдем ауруханасының травмотологиялық пункт бөлімінің меңгерушісі Құмар Сейілхановтің айтуынша, қазір әртүрлі жарақаттармен түскен науқастар саны көбейген.

«Науқастардың саны азаймай, керісінше, ұлғайып жатыр. Мұның барлығы ауа райының қолайсыздығына байланысты. Келіп түскендердің барлығына жедел көмек көрсетудеміз. Және қатты құлаған жағдайда бірден жедел жәрдем шақыру керек. Негізі тұрғындардан мүмкіндігінде үйде отыруға кеңес беремін», - дейді Құмар Сейілханов.

 

 

Соңғы жаңалықтар