Семейде көктайғақ: Екінші ауысым оқушыларына сабақ өткізілмейді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 19 ақпанда көктайғаққа байланысты Семей қаласында екінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары, Бесқарағай ауданындағы 1-5 сынып оқушылары сабаққа бармайды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақтанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжолдың жабылғандығын хабарлаған болатынбыз.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 20 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады. Ал өңірдің кей жерлерінде қалың қар түспек. Бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.

«Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні секундына 25-28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы -2-7 градустан -15-20-ға дейін төмендемек. Кейбір аудандарда 20-25 градусқа дейін аяз болады», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар