Семейде көкөністер мен ірімшік қымбаттады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көкөністер мен ірімшік қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен аптада әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының құны 0,8%-ға артқан. Оның ішінде көкөністер мен ірімшік қымбаттады.

Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жәнібек Мұқатаев айтып берді.

«Семейде прокуратурамен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасына мониторинг жүргізілуде. Көтерме сауда кәсіпорындарының басшыларына заңнама талаптары түсіндіріліп жатыр. Жыл басынан бері 36 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Жалпы сомасы 602,4 млн теңгенің өнімдері сатылды», - деді ол.

Оның айтуынша, шаһарда «Ертіс» АҚ-ның 13 сауда павильоны және тұрақтандыру қорының өнімдерін сататын 19 дүкен жұмыс істеп тұр.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемендегі 3 мың дүкеннің тек 30-ында ғана баға бақыланғаны хабарланған болатын.



Соңғы жаңалықтар