Семейде қазақстандық футбол мұражайы жаңа жәдігерлермен толықты

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде қазақстандық футбол мұражайы жаңа жәдігерлермен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаланың ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

«10 желтоқсан – Дүниежүзілік футбол күні. Атаулы күннің құрметіне Қазақстан футболының мұражайында жаңа жәдігерлер таныстырылды», делінген хабарламада.

Мұражайға 2002 жылғы «Елімай» командасының қолтаңбасы бар доп қойылды, атақты «Қайрат» ойыншысы Тимур Сегізбаевтың аты жазылған футболканы спортшының отбасы тапсырды.

«Целинниктің» 70-80 жылдардағы ойыншысы, СССР спорт шебері, қазір ҚФФ балалар-жасөспірімдер футбол департаментінің маманы Владимир Павлюк «Целинник» ойыншыларының қолтаңбасы бар 1991 жылғы допты, «Динамодан» «Жеңіске» дейін« атты кітабын мұражайға сыйға тартты.

ҚФФ ұлттық құрама командалар департаментінің басшысы Иван Азовский шара кезінде Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малойдың ойын футболкасын таныстырды.

Мұражайдың келушілері Қазақстан құрамасының құрылу тарихымен де таныса алды. Тұсаукесерде құраманың формасы көрсетілді. Сондай-ақ, »Елімай« құрамында Қазақстанның екі дүркін чемпионы болған Константин Фриденталь құрама жейдесін сыйға тартты.

Енді қазақстандық футболдың рекордшысы Андрей Пинчуковтың аяқ киімі де мұражайдан орын тапты.

»Восток« стадионының бұрынғы директоры, қазіргі »Устинка+« газетінің спорт шолушысы Валерий Чернов мұражайға бағдарламалар, газет топтамасын сыйлады.

Айта кетерлігі, мұражай 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен және басқа елдерден келген жас спортшылар Семей қаласындағы турнирге келгенде Қазақстан футболының мұражайына барады. Жалпы мұражай ашылғаннан бері оны 1 200-ден астам адам тамашалаған.

Соңғы жаңалықтар