Семейде қайта жаңартылып жатқан жылыту қазандықтарының қуаты артады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында қайта жаңартылып жатқан жылыту қазандықтарының қуаты артпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семейге жасаған жұмыс сапарында қазандықтарды жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарының барысымен танысты.

«Өткен қыста шаһар тұрғындары сезінген жайсыздықты болдырмау үшін осы қазандықтардың қуатын арттыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Алдымен 2020-2021 жылыту маусымының барлық қателіктерін ескердік. Ақша алдын ала бөлінді және 1 қыркүйекке қарай барлық қазандық жұмысқа дайын болады», - деді аймақ басшысы.

«Оның айтуынша, орталық қазандықтың қуаты 200 гигакалорияға ұлғайтылады. Орталық қазандықтағы жабдықты жөндеу 15 тамызға қарай аяқталады. Сондай-ақ «РК-3» қазандығына ерекше назар аударылады. Өйткені ол Қарағайлы жаңа шағын ауданын жылумен қамтамасыз етеді. Жаңадан салынып жатқан объектілерге жету үшін оның қуатын арттыру қажет», - деді Даниал Ахметов.

Жалпы, қазандықтарды ауқымды қайта жаңарту нәтижесінде өткен жылғы келеңсіздіктер болмайды деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар