Семейде қайта құрылған «Елімай» футбол клубы Бірінші лигаға қатысуға ниетті

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында қайта құрылған «Елімай» футбол клубы Бірінші лигаға қатысуға ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Семейде қала күніне орай балалар арасында футболдан турнир өтті. Шара алдында Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұловтың атына биыл қайта жанданған «Елімай» футбол клубын Бірінші лигаға қатыстыру туралы өтінішке қол қойылды.

Турнирден бөлек, балалар үшін тегін дастархан жайылып, аквагрим, фотоаймақ пен қызықты байқаулар ұйымдастырылды. Бұлтсыз әрі жылы күнде балалар доп теуіп, ерекше демалып қайтты.

«Қала халқы осындай шараларды сағынды. Балалар – біздің басты байлығымыз. Бұл турнир енді жыл сайын өткізіліп тұрады», - деді аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев.

Сондай-ақ шараға Семей футболының аты аңызға айналған шәкірті Самат Смақов қатысты.


Соңғы жаңалықтар