Семейде кәсіпкер бұзбақ болған көне ғимаратқа ескерткіш мәртебесі берілді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында кәсіпкер бұзбақ болған 1844 жылы салынған көпес үйіне ескерткіш мәртебесі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шаһардың көркін ашатын, ерекше сәулеттік стилін сақтаған көне ғимараттар талай тарихи оқиғалардың куәсі болған. Әлбетте, мүмкіндігінше олардың сұлулығы мен бірегейлігін сақтау - біздің міндетіміз. Жуықта бұл мәселе қалалық әкімдіктің кеңейтілген аппарат отырысында қаралған еді», - деді қала әкімі Бақытжан Байахметов.

Әкім бірнеше сәулеттік ескерткішті аралап қайтқан. Соның бірі – 19-ғасырдың бірінші жартысында салынған мұнаралы мешіт.

«Мешітке жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Осы ретте, әлі құжаттарды рәсімдеп, тарихи нысанды балансқа алу қажет. Сондай-ақ Найманбаев көшесі, 187 мекенжайындағы кезіндегі көпес үйіне бардым. Бұл ғимаратқа таяуда сәулеттік ескерткіш мәртебесі берілген. Кірпіштен салынған әсем үй жөндеуден өткен. Айта кету керек, Семейде бұдан басқа да көптеген сәулетті ескі ғимараттар сақталған. Бірақ, өкінішке қарай, меншік иелері ескерткіштерді қорғау туралы заңнаманы сақтамайды», - дейді шаһар басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, Семейде жеке кәсіпкердің тарихи ғимаратты бұзбақ болғандығы үлкен резонанс тудырған болатын.


Соңғы жаңалықтар