Семейде қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған орын анықталды

None
Фото:тt.me/POLICE_of_KZ
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған орын анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Семей маңындағы саяжай алабында аяқталмаған құрылыстың іргетасы астынан тегіс ұңғылы қос ұңғылы мылтық, АК-103 автоматы, Астра тапаншасы және 104 дана патрон тәркіленді.

ІІМ базасына сәйкес тіркелген және қылмыстық қару жоқ», - деп жазды POLISIA.KZ Телеграм-арнасы.

Осы факт бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалауды көздейді.


Соңғы жаңалықтар