Семейде кәріз құдығынан екі адамның денесі табылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында кәріз құдығынан екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі кәріз құдықтарының бірінен екі ер адамның мәйіті табылған.

Алдын ала дерек бойынша, олар құдықтағы газға уланып көз жұмған.

«Полицияға хабарласқан куәгерлер мәйіттерді «Роща» аялдамасына жақын жердегі кәріз құдығынан тапқанын айтады. 21 шілдеде қалалық ПБ Затон полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Соның аясында бірқатар сараптама тағайындалды. Істің бүкіл мән-жайын зерттеу үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да алаяқ арзанға қант сатамын деп 90 млн теңге пайда көргенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар