Семейде қараусыз жатқан 45 иесіз құдық жабылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде қараусыз жатқан кәріз құдықтары тұрғындарға қауіп төндіріп тұр. Себебі, беті ашық құдықтардың иесі де жоқ болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетерлігі, қала әкімінің есептік кездесуінде тұрғындар ашық әрі қараусыз жатқан су құбырлары мен кәріз құдықтарының тұрғындар мен көліктер үшін қауіпті екенін айтқан болатын. Осыған байланысты әкімнің тапсырмасымен  арнайы комиссия құрылып,  қараусыз жатқан құдықтарға тексеру жүргізді. Нәтижесінде 45 иесіз құдық анықталды.

«Әзірге комиссия анықтаған 45 иесіз құдыққа қатысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асырды. Инвентаризациядан соң, қараусыз қалған құдықтар «Зеленстрой» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына тапсырылады.  Қаржы қажет болса бөлеміз. Мәселе көп ұзамай шешіледі.  Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады»  - деді қала әкімі  Ермак Сәлімов.

null 

Мамандар қараусыз жатқан иесіз құдықтардың әлі де бар екенін алға тартады. Сондықтан, оларды анықтау жұмыстары жалғасады. Өйткені, ондай ашық-шашық құдықтар адам өміріне қауіпті. Мысалы, былтыр қараша айында 6 жасар бала итімен серуендеуге шығып, сол күйі үйіне оралмаған еді. Ал денесін ашық жатқан кәріз құдығынан өлі тапқан болатын. Бірақ қайғылы оқиғадан кейін құдықтың қай мекеменің балансында екені анықталмады.

Белгілі болғандай, Семейде ең көп кәріз құдығы «Қазақтелекомға» тиесілі екен. 

Соңғы жаңалықтар