Семейде карантинге жатқызылған ОАР азаматынан коронавирус табылмады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Тұмауратып ауруханаға жеткізілген ОАР тұрғынынан коронавирус расталған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел жәрдем арқылы инфекциялық стационарға жеткізілген ОАР азаматының тест нәтижелері алынды. COVID 2019 вирусына тапсырылған тест теріс нәтиже көрсеткенін хабарлаймыз», - деді облыстық әкімдікте.

Әкімдік қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жоқ екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, кеше Семейде 71 жастағы Оңтүстік Африка Республикасының азаматы дене қызуы көтеріліп, тұмауратып ауруханаға жеткізілген болатын. Ол ШҚО-ға техникалық жиналысқа Дубай және Нұр-Сұлтан арқылы транзитпен келген.

Әрекет ету алгоритміне сәйкес, жедел жәрдем стансасының қызметкерлері пациентті қорғаныш костюмдері арқылы инфекциялық стационарға жеткізген.

Соңғы жаңалықтар