Семейде «КамАЗ» бен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам зардап шекті
2021 жылғы 3 тамыз, 16:25

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында «КамАЗ» бен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін Семейдегі Селевин-Титов көшелерінің қиылысында болған. «ВАЗ 2109» және «КамАЗ» маркалы автокөліктер бетпе-бет соқтығысты.
«ВАЗ 2109» көлігінің жүргізушісі кабинада қысылып қалған. Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Олар гидравликалық құралдың көмегімен ер адамның аяғын босатты. Зардап шеккен азамат дәрігерлерге тапсырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP