Семейде іздеу жарияланған той кортежінің жүргізушілері анықталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде той кортежінде жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушілері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір көлік жүргізушілерінің аты-жөні анықталып, хаттама толтырылған. 3 азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 3 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

«Қазір ұсталған жүргізушілердің үстінен маневр жасау ережесін бұзғаны, көлік құралдары қозғалысына кедергі келтіргендері және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін хаттама толтырып, іс сотқа жіберілді. Жүргізушілерге жазаны әкімшілік сот белгілейді», - деді Семей қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Айта кетсек, бұған дейін Семейде жол ережесін өрескел бұзған той кортежі жүргізушілеріне іздеу жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар