Семейде із-түзсіз жоғалған 18 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы қыз іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Румия Нысанбекова 10 наурызда із-түссіз жоғалып кеткен.

«18 жастағы қыз үйінен белгісіз бағытта шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кетті. Сол күні үстіне қара-жасыл түсті күртеше мен сары қалпақ киген. Сондай-ақ қолында қара сөмкесі болған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта іздестіру шараларына полицейлер мен еріктілер тартылған. 13 наурызда отызға жуық адам оны дрон арқылы іздеді.

Осы ретте, полиция қызметкерлері бойжеткеннің қайда екендігі туралы қандай да бір мәліметі барларға 8(747)349-57-17,8(771)349-57-17 нөмірлеріне немесе «102» жедел арнасына хабарласуға шақырды.



Соңғы жаңалықтар