Семейде із-түссіз жоғалған қарияның денесі табылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында із-түссіз жоғалған 74 жастағы қарияның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 9 наурызда «102» жедел арнасына Ертіс бойындағы көпір маңында ер адамның денесі жатқандығы туралы хабар түскен.

«Марқұмның кім екендігі анықталды. Бұл осыған дейін жоғалып кеткен Семей қаласының тұрғыны Оралбек Өмірғалиев. Оның неден көз жұмғаны әлі белгісіз. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті шаралар қолға алынуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, 1946 жылы туған қария 7 наурыз күні жоғалып кеткен болатын. Үйден белгісіз бағытта шығып кеткен зейнеткерді іздестіру жұмыстарына волонтерлер де тартылған еді.


Соңғы жаңалықтар