Семейде ІІБ-ның жедел басқару орталығы ашылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семейде қалалық ішкі істер басқармасының Жедел басқару орталығы ашылды.

Семей республикада облыс орталығы мәртебесі жоқ ІІБ-ның Жедел басқару орталығы (ЖБО) қызмет ете бастаған төртінші қала болды.

ЖБО-ның бейнебақылау жүйесі 20 еселік оптикалық үлкейту қасиеті бар ауа райының кез келген жағдайында басқарылатын 20 таспадан тұрады. Олар азаматтардың көп жиналатын жерлерінде орналастырылған. Алдағы жылы тағы 20 бейнетаспаны орнатуға қаражат бөлу жоспарланып отыр.

«Семейдегі ЖБО тек полицияны ғана емес, қызығушылық танытқан барлық қызметтерді біріктіре алады. Бұл, біріншіден, ТЖ бөлімшелері, «жедел жәрдем», түрлі апаттық-диспетчерлік қызметтер. Яғни олар Семей қаласы жедел басқармасының бірыңғай органы бола алады», - деді облыстық ІІД техникалық қызметі басқармасының бастығы, подполковник Алексей Смит ашылу рәсімінде.

«Еліміздің Тәуелсіздігін алған уақытқа дейін бздің басты құралдарымыз - қағаз бен қалам болатын. 1993 жылы мен АҚШ-тағы полицияның жұмысымен таныстым. Бізге осындай жүйені көрсеткенде, әріптестерімізбен бізде мұндай 50 жылдан кейін мүмкін болады деп ойлаған едік. Бірақ барлығы біз ойлағаннан ертерек болды және бүгінде полицияның барлық қызметкерлерінің құқық қорғаушылармен күресте мықты көмекшісі бар», - деп атап өтті полиция ардагері, отставкадағы генерал-майор Майдан Аманжолов.

Орталық қызметінің тиімділігіне Семей полицейлерінің көз жетіп үлгерді - ЖБО жұмысының алғашқы күндерінде тесттік режимде оның көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзған 57 адам анықталды.

«Өскемендегі Жедел басқару орталығының тәжірибесі көрсеткендей, таспалар орнатылған жерлерде құқық бұзушылықтар аз жасалған. Ал егер жасалса, оларды ашу пайызы «соқыр аймақтарға» қарағанда жоғары. Сыртқы бақылау таспаларының көмегімен ағымдағы жылдың басынан бері облыс орталығында 7 мыңнан астам құқық бұзушылықтар тіркелген, соның ішінде 4,5 мыңы - жол қозғалысы ережелерін бұзу, 1800-і - алкогольге қарсы заңнаманы бұзу және 800-і - ұсақ бұзақылық. ЖБО-ның көмегімен 100-ден астам қылмыс «ізі суымай ашылды»», - деп ақпараттандырды ШҚО ІІД Жедел жоспарлау басқармасының бастығы Рахметолла Исаев.

Орталықтың орнатылған заманауи аппараттық-бағдарламалық кешені бейнебақылау жүйесін 400 бейнетаспаға дейін кеңейтуге мүмкіндік береді. Семейде ЖБО-ны құру бағасы 570 млн. теңгені құрады», - деп хабарлады қала әкімдігінен.

Соңғы жаңалықтар