Семейде I ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

None
СЕМЕЙ.ҚазАқпарат - Семей қаласында 2022 жылғы 15 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты (-34℃) I ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және колледждердің 1, 2 курс студенттері үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады.

Бұл туралы ҚазАқпарат Абай облысы әкімдігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жарма, Көкпекті, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Аягөз аудандарында және Курчатов қаласында сабақ қашықтық форматқа ауыстырылды. Қалған аудандарда - штаттық режимде»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар